Туниске Олимпиада алтынын әперген Есбол Сұлтанов таеквандодан ұлттық құрамаға бас бапкер болды

Есбол Сұлтанов таеквондодан Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметіне  тағайындалды. 

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Былтыр Франция астанасында өткен Олимпиада ойындарындада ол Тунис құрамасының бас бапкері ретінде барып, екі жүлде алуға үлес қосқан еді. Есбол Сұлтанов баптаған спортшылар 1 алтын және 1 қола медаль иеленген болатын. Тунисте бұған дейін таеквандо спорты тарихында алтын медаль болмаған. 

Сонымен қатар ол Халықаралық таеквондо федерация тарапынан жоғары бағаланып, жыл бапкері атағына лайық деп танылды.

Енді ол Қазақстан ұлттық құрамасын әлемдік жарыстарға дайындайды. 2024 жылдың соңында Туниспен жасасқан келісімшартының мерзімі біткен соң, бапкер Қазақстан құрамасын даярлауға келісім берген. 

Қазір оқып жатыр

«Жасанды тыныс алу аппараты болмаған»: Қарағандыда бүлдіршіннің өліміне қатысты тексеріс жүргізіледі

Алматының Әл-Фараби даңғылында жарыс ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды

Астанада Умраға жоқ жолдаманы сатып, 17 қажыны алдаған алаяқ сотталды

Астанадағы өрт салдарынан қаза тапқан 3 баланың анасы есін жиды