Тұңғыш алтын: таеквондошы Тамирлан Тілеулес Азиадада тарихи жеңіске жетті

Қазақстандық спортшы Тамирлан Тілеулес Жапонияның Айчи–Нагоя қаласында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында чемпион атанып, таеквондодан ел тарихындағы тұңғыш Азиада алтынын еншіледі.

Туризм және спорт министрлігі

Астана, NEGE. Қазақстандық таеквондошы 58 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалдық жекпе-жегінде Филиппин өкілі Курт Барбосадан басым түсті. Шешуші кездесудегі жеңісі арқылы Тамирлан отандық таеквондо мектебінің әлеуетін көрсетті.

Тамирлан Тілеулестің алтынымен 2026 жылғы Азиададағы Қазақстан құрамасының алтын медалі 12-ге жетті. 

Еске салсақ, бүгін, 2 қазанда қазақстандық қос боксшы ел қоржынына екі алтын салды. 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Төрехан Сабырхан және  90 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Айбек Оралбай Азиада чемпиондары атанды.

Жапонияда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады.