USD
USD
USD

Төрехан Сабырхан 12 жылдан кейін Азиадада Қазақстанға бокстан алтын әкелді

Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан Айчи-Нагояда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарының чемпионы атанды. Бұл – Қазақстанның бокстан Азия ойындарында соңғы 12 жылдағы алғашқы алтын медалі.

Төрехан Сабырхан
Фото: qaz_team_official/instagram.com

Астана, NEGE. Сүйінші хабарды Туризм және спорт министрлігі жеткізді. 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Төрехан Сабырхан финалда Иордания өкілі Зеяд Ишашпен жұдырықтасты. Жерлесіміз қарсыласынан 5:0 есебімен басым түсіп, Азиаданың алтынын жеңіп алды.

Осылайша, Төрехан Сабырхан бокстан Азия ойындарындағы 12 жылдық үзілістен кейін Қазақстан құрамасына көптен күткен алтын жүлдені сыйлады.

Бұған дейін қазақстандық боксшылар 2014 жылы Инчхонда өткен Азия ойындарында чемпион атанған болатын. 2018 жылы Джакартада және 2022 жылы Ханчжоуда өткен Азия ойындарында Қазақстан құрамасы бокстан алтын медаль иелене алмады.

Қазір оқып жатыр

Әлеуметтік төлем: Қазақстанда отбасының байлығы қалай есептеледі?

отбасының әл-ауқаты

ҚМА Перизат Қайраттың туысының Дубайдағы пәтерлеріне қатысты мәлімдеме жасады

Перизат Қайрат

Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты

қол қою

Қырғызстанда пара алу күдігімен 15-ке жуық кеденші мен шекарашы ұсталды

Өткізу пункті