Туған апалы-сіңілілер жасөспірімдер Азиадасында алтын медаль жеңіп алды

Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында бокстан финалдық сайыстар жалғасып жатыр.

ҰОК

Алматы, NEGE. Бұл жарыста туған апалы-сіңілі — Камила мен Аяулым Оспанова ерекше жетістікке жетті.

Қос аруымыз бір күнде тұғырдың ең биік сатысына көтерілді.

Аяулым 66 келіге дейінгі салмақта қарсыласынан басым түсіп, жеңімпаз атанды.

Ал Камила 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды.

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін