Трансгендер деп басы дауға іліккен алжирлік боксшы Олимпиада чемпионы атанды

Гендерлік сынаққа байланысты басы дауға қалған Алжир боксшысы Иман Хелиф Париж Олимпиадасында алтын медаль иеленді.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Ол Олимпиада ойындарының финалында қытайлық Ян Люді жеңіп кетті.

Естеріңізде болса, Париж Олимпиадасында Иман Хелифтің жынысына қатысты дау шыққан еді. Алайда спортшының туыстары Иман Хелифтің туу туралы куәлігін, кішкентай күніндегі суретін көрсетіп, биологиялық жынысы әйел екенін дәлелдеді. 

1/8 финалда 25 жастағы Хелиф италиялық Анжела Кариниді жарыс жолынан шығарды. Ширек финалда венгриялық Анна Лука Хамориден басым түссе, жартылай финалда Таиланд өкілі Джажаем Суваннафаенгті жеңді.

Қазір оқып жатыр

«Қыз Жібектің» камзолы Баян Алагөзовада қайдан жүр?

Тоқаев: Біріккен Ұлттар Ұйымына түбегейлі реформа жасау керек

Ақтөбеде 20 күн бұрын жоғалып кеткен баланың денесі өзеннен табылды

«Көліктер жүзіп барады»: Нөсер жаңбырдан Алматы көшелерін су басты