Трампқа тағы да қастандық жасалмақ болды

АҚШ президенттігіне үміткер Дональд Трампқа үшінші рет қастандық жасамақ болған қарулы адам ұсталды.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. «Біз тағы бір қастандық әрекетін тоқтатқан сияқтымыз», - деп хабарлады Риверсайд округінің шерифі Чад Бианко.

Трамптың кезекті сайлауалды үгіт-насихаты кезінде сөз сөйлейтін ғимарат алдындағы бақылау-өткізу бекетінде бір адамды ұсталған. Ер адам Лас-Вегастың 49 жастағы тұрғыны Вам Миллер есімді азамат болып шықты. Оның көлігінен шолақ мылтық, оқталған тапанша табылды. Ер адам тәртіп сақшыларына қарсылық танытпай ұсталды.

Ол Трамп үгіт-насихат жүргізетін жерге жалған рұқсат қағазын көрсетіп, өтіп кетпек болған. 

Қазір оқып жатыр

Трамп Вашингтонда тілшілермен болған кешкі астан шұғыл эвакуацияланды

Алматыда қолы қанға малынған ер адам сұлулық салонына кіріп, дүрбелең туғызды

Президент үй жануарларын азаптағандарды қатаң жазалауды тапсырды

Бекіре тұқымдас балық пен уылдырық сатып алғандар жауапқа тартылады