Тракторист қаза тапты: Есіл - Арқалық теміржол өткелінде пойызбен соқтығысты

27 сәуірде Есіл - Арқалық теміржол учаскесінде болған жол-көлік оқиғасы кезінде трактор жүргізушісі пойызбен соқтығысып, оқиға салдарынан қаза тапты, деп хабарлайлы  АО «НК «Қазақстан темір жолы» (КТЖ).

КТЖ баспасөз қызметі

Алматы, NEGE. Оқиға таңертеңгі сағат 08:55 шамасында реттелетін теміржол өткелінде орын алған. КТЖ мәліметіне сәйкес, трактор жүргізушісі теміржол өткеліне пойыз келе жатқанын байқамай өтіп кеткен. Өтпелі сигнализацияның дұрыс жұмыс істегеніне қарамастан, жүргізуші ережелерді бұзып, сигналдарға мән бермеген.

Пойыз машинисі шұғыл тежегішті қолданғанымен, соқтығысты болдырту мүмкін болмады. Нәтижесінде трактор жүргізушісі алған ауыр жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты.

КТЖ көлік жүргізушілерін теміржол өткелдерінен өткен кезде жол ережелерін қатаң сақтауға және сигнализацияның ескертулерін тыңдауға шақырып, ережелерді өрескел бұзудың ауыр салдары болуы мүмкін екендігін ескертті.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр