Төрехан Сабырхан бокстан әлем біріншілігінде алтын медальға таласады

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының өкілі Төрехан Сабырхан Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына жолдама алды.

ҰОК

Алматы, NEGE. Отандасымыз 70 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында Одел Камарамен (Англия) өзара мықтыны анықтады.

Бірінші раунд қарсыластың пайдасына аяқталды. Дегенмен отандасымыз екінші және үшінші кезеңде басымдық танытып, жеңісті суырып алды.

Осылайша, 19 жастағы Төрехан Сабырхан (70 келіге дейін) алғаш рет ересектер арасындағы әлем біріншілігінде финалға өтті.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?