9 ноября 2022 г. 11:53

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысу үшін Самарқандқа барады

Фото:

Биыл 10-11 қарашада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысу үшін Самарқанд қаласына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлады Ақорда. 

Алматы, NEGE. Жиын барысында мемлекеттер басшылары ТМҰ аясындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын қарастырады.

Сондай-ақ саммит қатысушыларымен екіжақты кездесулер өткізу жоспарланып отыр.

Тегтер: