Тоқаев Қырғызстанға мемлекеттік іс-сапармен барады

Бішкекте Қазақстан мен Қырғызстанның мемлекет басшылары келіссөз өткізіп, бірқатар екіжақты құжаттарға қол қояды, деп хабарлайды Sputnik. ақпарат агенттігі.

Алматы. NEGE. Қырғыз тарапы таратқан ақпаратқа қарағанда, Тоқаев іс-сапар барысында «Ата-Бейіт» мемориалды кешеніне немесе Жеңіс алаңына гүл шоғын қоймақ. Мемлекет басшылары стратегиялық әріптестіктің қазіргі жай-күйі мен болашақта дамыту жолдарын қарастырмақ. Тоқаев Қырғыз елінде екі күн болады. Бішкекте Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісім ұйымының Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі сессиясына қатысады. Осы ұйым шеңберінде қордаланған мәселелер кең ауқымда талқыланбақ.

 

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты