Тоқаев жұмыскерлердің еңбек құқығын күшейтуге қатысты заңға қол қойды

Президент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қауіпсіз еңбек жағдайларын жетілдіру, жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды.

Ақорда

Астана, NEGE. Бұл заң жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғауды күшейтуге және еңбек жағдайларын жақсартуға бағытталған.

Сенат аппаратының басшысы Максим Споткайдың түсіндіруінше, енді азаматтық-құқықтық шарттарды еңбек шартының орнына қолдануға болмайды.

Нақтырақ айтқанда, заң бойынша азаматтық-құқықтық сипаттағы шартта еңбек қызметіне тән кемінде бір айрықша белгі болған жағдайда, жеке тұлғамен мұндай шарт жасасуға тыйым салынады.

Сондай-ақ 14 жасқа дейінгі балалары бар жалғызбасты ата-аналарды жұмыс берушінің бастамасымен жұмыстан шығаруға тыйым салынады. Соның ішінде қысқарту немесе өндіріс көлемінің азаюы кезінде де жұмыстан шығаруға жол берілмейді.

Бұған қоса заңнама ереуілдерді өткізуге қатысты жекелеген нормалармен толықтырылған.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде әкімдік ғимараты өртенді

«Бүгін түнде тұтас бір өркениет жойылады»: Трамп Иранға қатысты тағы мәлімдеме жасады

Астана әуежайында 15 сәуірден бастап рейстер кестесі өзгереді

Қазақстанда жылу электр орталықтарын Ресейдің орнына Сингапур салатын болды