Тоқаев жаңа Конституцияға қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Конституциясына қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

Ақорда

Астана, NEGE. Президент  Конституцияны қабылдауға арналған салтанатты жиынға қатысты.

Құрмет қарауылы Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын салтанатты түрде ортаға алып шыққан соң еліміздің Әнұраны орындалды.

Ақорда

Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдумның қорытындысын жариялады.

Салтанатты шарада Президент жаңа Конституцияға және «2026 жылғы 15 наурызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» жарлыққа қол қойды.

Ақорда

Жиында сөз алған Мемлекет басшысы жаңа Конституциясы 1 шілдеден бастап ресми түрде күшіне енетінін айтып, Қазақстан халқын жаңа Ата заңның қабылдануымен құттықтады.

«Бүгін баршаңыз тарихымыздағы аса маңызды, мән-мағынасы айрықша, ел өмірінде өшпес із қалдыратын оқиғаның куәсі болдыңыздар. Мен Мемлекет басшысы ретінде бүкіл халық атынан Ата заңымызға қол қойдым. Сонымен қатар Конституцияны іске асыру жөніндегі шаралар туралы Жарлыққа қол қойдым. Енді Халық Конституциясы 1 шілдеден бастап ресми түрде өз күшіне енеді. Ал Конституция күнін мемлекеттік мереке ретінде ұлттық деңгейде жыл сайын 15 наурызда атап өтетін болдық. Еліміздің барша халқына Ата заңымыз құтты болсын дегім келеді!», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, 17 наурызда Орталық референдум комиссиясы жаңа Конституцияны қабылдау бойынша 15 наурызда өткен республикалық референдумның түпкілікті қорытындысын жариялады. Соған сәйкес, референдумда дауыс беруге 9 127 192 қазақсандық қатысқан.

 

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр