Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Жаңа Конституция: референдум бойынша түпкілікті қорытынды жарияланды

Орталық референдум комиссиясы жаңа Конституцияны қабылдау бойынша 15 наурызда өткен республикалық референдумның түпкілікті қорытындысын шығарды.

Референдум
Фото: gurk.kz

Астана, NEGE. Орталық комиссия төрағасы Нұрлан Әбдіровтің мәлімдеуінше, референдумда дауыс беруге 9 127 192 адам қатысқан.

Орталық референдум комиссиясы облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының аумақтық референдум комиссиялары негізінде республикалық референдумның түпкілікті қорытындысын шығарды.

 

Референдумға қатысуға құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны 12 482 613 адам болды, дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны 9 127 192 адам немесе референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар санының 73,12 пайызына тең болды.

 

Жобасы 2026 жылғы 12 ақпанда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау туралы мәселенің оң шешімін жақтап дауыс берген азаматтардың саны еліміздің барлық өңірінде дауыс беруге қатысқандардың ішінде 7 954 667 адамды немесе 87,15 пайызды құрады.

Референдумға шығарылған мәселені қабылдамаған азаматтар саны – 898 099 адам. Барлығы 146 558 бюллетень жарамсыз деп танылды. 

 

Қазір оқып жатыр

Партиялар сайлаушыларға қандай уәде берді

.

Көрерменге кімнің сөзі өтімді болды? Теледебаттағы дауыс беру қорытындысы шықты

.

«Экономикалық романтиктер»: Respublica ЖСДП-ның сынына жауап берді

.

eGov-тағы 15 млн адамның дерегі darknet-ке тарады ма? Министрлік жауап берді

Комп