Тоқаев Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановты қабылдады

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Президентке өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан шаралар жөнінде баяндады, деп хабарлайды Ақорда.

Ақорда

Астана, NEGE. Сақтағановтың мәлімдеуінше, 2025 жылдың қорытындысы бойынша облыста оң динамика байқалған. 

«Инвестиция, құрылыс, ауыл шаруашылығы және сауда салалары өсім көрсетіп отыр. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 838 миллиард теңгеден асты. Инвестициялық портфельде 101 жоба бар. Құрылыс жұмыстарының көлемі 460 миллиард теңгеге жуықтады. Ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім 550 миллиард теңгеден, ал сауда саласында 2 460 миллиард теңгеден асты. 407 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Жұмыссыздық деңгейі 4,6 пайыз деңгейінде тұрақтап, 29 мың адам еңбекпен қамтылды», – делінген хабарламада.

Биыл өңірде 17 440 жұмыс орнын ашу жоспарланған. Әлеуметтік салада АӘК алушылар саны азайған.

Сондай-ақ әкім «Шығыс шақырады» өңірлік жобасы іске асырылып жатқанын атап өтті.

Бұдан бөлек, өңір басшысы Шығыс Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғыртуға баса мән беріліп жатқанын, былтыр ұзындығы 856 шақырым болатын жолдар мен көшелерде жөндеу жұмыстары аяқталғанын атап өтті.

Тоқаев Сақтағановқа экологиялық ахуалды жақсарту, экономиканы әртараптандыру, инвестиция тарту және өңірдегі туризмді дамыту жұмыстарын жалғастыру бойынша бірқатар тапсырма берді.

Айта кетейік, бүгін Шығыс Қазақстан облысының бұрынғы бірінші орынбасары Жақсылық Омарға үкім оқылды. Сот оны алаяқтық және пара алу баптары бойынша кінәлі деп танып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Қазір оқып жатыр

Экономика министрлігі халық табысы не себепті азайғанын түсіндірді

Түркістан облысында жас келіншек сәбиін 800 мың теңгеге сатпақ болған

Алматы облысында офицер қоластындағы қызметкерге күш қолданған

Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу институтынан 921 млн теңге өндірілді