Тоқаев Қытайдағы шахта апатына байланысты Си Цзиньпинге көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады.

Ақорда

Астана, NEGE. Президент Қытайдың Шаньси өлкесіндегі көмір шахтасында болған газ жарылысы салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Си Цзиньпинге және барша Қытай халқына көңіл айтты.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев жарақат алғандардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Еске салсақ,«Люшэньюй» шахтасындағы жарылыс кезінде жер астында 247 кенші болған. Кемінде 82 адам қаза тапқан.

Қазір оқып жатыр

Шодиев пен Машкевич мұрагерлерінің ERG-дегі үлесін Мүтәліптің компаниясы сатып алды

Қытайдағы шахта апаты: 82 адам қаза тапты

«Қасиет» клиникасы депутат Ербол Айтуовтың өліміне қатысты пікір білдірді

«Әкеміз қашан келеді?»: Ақтауда көз жұмған депутаттың жары әділдік сұрайды