22 января 2026 г. 16:25

Тоқаев Давоста Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойды

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамптың бастамасымен құрылған Бейбітшілік кеңесінің жарғысына қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

Астана, NEGE. Ақорда мәліметінше, қол қою рәсіміне Қазақстан Президентінен басқа 18 елдің басшылары мен өкілдері қатысқан.

Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамптың шақыруымен Бейбітшілік кеңесінің жарғысына қол қою рәсіміне қатысу үшін Давос қаласына жұмыс сапарымен барды.

Таяуда Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Президенті Дональд Трамптан Газа бойынша жаңа құрылып жатқан бейбітшілік кеңестің құрамына кіру жөнінде шақырту алғаны мәлім болды. Қазақстанға Кеңестің құрылтайшы мемлекеттерінің бірі болу ұсынылған. Мемлекет басшысы жауап ретінде АҚШ Президентіне ризашылығын білдіріп, жаңа бірлестіктің құрамына кіруге келісетінін растайтын хат жолдаған.

Вашингтонның нақтылауынша, Кеңес Газаны бейбіт түрде дамытуға қатысты міндеттемелердің орындалуын стратегиялық тұрғыда қадағалауға, халықаралық ресурстарды жұмылдыруға және бақылау жасауға жауапты болады.