Тоқаев Бектеновпен және Дәдебаймен мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесін талқылады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновпен және Құрылтай төрағасы Айбек Дәдебаймен барлық деңгейдегі мәслихаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесі бойынша консультация өткізді, деп хабарлайды Ақорда.

Aqorda

Астана, NEGE. Президент депутаттық корпусты жаңарту жергілікті өкілді органдардың қызметін едәуір күшейтетініне сенім білдірді. Оның пікірінше, азаматтардың заңды мүдделерін қамтамасыз ету, жергілікті бюджеттерді бекіту және өңірлердің дамуын бақылау үшін мәслихаттардың толыққанды жұмыс істеуі маңызды.

Консультация кезінде премьер-министр Олжас Бектенов пен Құрылтай төрағасы Айбек Дәдебай бұл мәселеге қатысты өз ұсыныстарын білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша Президент Конституцияың негізгі ережелеріне сүйене отырып және айтылған пікірлерді ескере отырып, түпкілікті шешім қабылдайтынын жеткізді.

Еске салсақ, 24 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда мәслихат депутаттарының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылып, жаңа сайлау өтетінін айтты. Сол кезде Президент жақын арада премьер-министрмен және Құрылтай төрағасымен мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату жөнінде келісіп, содан соң тиісті Жарлыққа қол қоятынын мәлімдеген еді.