USD
USD
USD

Мәслихат депутаттары қайта сайланады: Тоқаев Жарлыққа қол қоятынын айтты

Қазақстанда мәслихат депутаттарының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылып, жаңа сайлау өтеді. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы кеңесінің бірінші сессиясында мәлімдеді.

Қазақстан Халық Кеңесі
Фото: Aqorda

Астана, NEGE. Тоқаевтың сөзінше, мәслихат депутаттарының өкілеттігі Конституцияда және тиісті заңдарда белгіленген мерзімге дейін сақталады. Алайда депутаттардың басым бөлігі саяси қызметін тоқтатқан AMANAT партиясының атынан сайланғандықтан, олардың өкілеттілігінің заңдылығына қатысты мәселе туындауы мүмкін.

«Өкілді органдар қызметінің заңға сәйкес болуы айрықша маңызды. Сондықтан мен жақын арада премьер-министрмен және Құрылтай төрағасымен мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату жөнінде келісемін. Содан соң тиісті Жарлыққа қол қоямын», – деді Президент.

Мемлекет басшысының сөзінше, мәслихаттар жергілікті тұрғындардың мүддесін қорғау, бюджетті бекіту және елді мекендерді дамытуға қатысты басқа да міндеттерді атқарады.

Президенттің айтуынша, алдағы сайлау мәслихаттардың білікті әрі кәсіби құрамын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сол себепті тиісті Жарлыққа қол қойылғаннан кейін Орталық сайлау комиссиясы сайлау өтетін күнді жариялауы тиіс.

Қазір оқып жатыр

Астанада Павлодар облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр

.

Бес күн де шыдамады: Ақ үйдің жаңа баспасөз хатшысы қызметінен кетпек

Трамп

«Министрдің құпиясына хатшысы арқылы қол жеткізу оңай»: Олжас Сәтиев кибертыңшылық туралы

Decaf

«Яндекс» Қазақстанды екінші орынға ысырып қойды ма?

.