Тоқаев Айдос Садықовқа қастандық жасаған күдіктілердің қазіргі мекенжайын анықтауды тапсырды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Айдос Садықовты өлтіруге оқталған күдіктілердің күдіктілердің қазіргі мекенжайын анықтап, тиісті шаралар қабылдауды тапсырды, деп хабарлады президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли. 

24tv.ua

Алматы, NEGE. «Президенттің тапсырмасына сәйкес Қазақстанның құқық қорғау органдары қылмыстық істің мән-жайын анықтау үшін шұғыл шаралар жүргізіп жатыр. Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарына күдіктілердің қазіргі мекенжайын анықтап, тиісті шаралар қабылдауды тапсырды. Қазақстан тарапы Украинаның құқық қорғау құрылымдарымен, оның ішінде Интерпол жүйесі бойынша бірлесе жұмыс істеуге дайын», — деп жазды Берік Уәли Facebook парақшасында.

18 маусымда Киевте тұратын журналист Айдос Садықовты үйінің жанында әлдебіреулер атып кеткен. 

Айдос Садықовтың жұбайы Наталья Садықова күйеуіне қастандық жасағандардың бірі полиция қызметкері екенін атаған болатын.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?