Тоқаев Атыраудың жаңа әкіміне қандай тапсырма берді?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақовты қабылдады. Кездесуде өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен алдағы міндеттер талқыланды.

Ақорда

Астана, NEGE. Облыс әкімі Мемлекет басшысына аймақтағы ірі инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы, мұнай-газ химиясы саласының дамуы, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым нысандарының құрылысы туралы есеп берді.

Сондай-ақ экономиканы әртараптандыру, инженерлік желілерді жаңғырту, көлік инфрақұрылымын жақсарту және өңірдегі экологиялық ахуалды оңалту мәселелері қаралды.

Бұдан бөлек, республикалық деңгейде қолдауды қажет ететін жобалар сөз болды.

Кездесу қорытындысында Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысының тұрақты дамуын қамтамасыз етуге және тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған бірқатар тапсырма берді.

Еске салсақ, 17 шілдеде Қасым-Жомарт Тоқаев Болат Ақшолақовты Атырау облысының әкімі лауазымына тағайындады. Бұған дейін ол энергетика министрі, Президенттің кеңесшісі, KAZENERGY қауымдастығының төрағасы болған.