USD
USD
USD

Болат Ақшолақов Атырау облысының әкімі болып тағайындалды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Болат Ақшолақов Атырау облысының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

Болат Ақшолақов
Фото: Ақорда

Астана, NEGE. Болат Ақшолақов 1971 жылғы 9 сәуірде Атырау қаласында дүниеге келген.

Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Экономист» мамандығы бойынша бітірген, Мұнай-газ өнеркәсіптік білім орталығын тәмамдаған.

Еңбек жолын Alem Bank Kazakhstan-да экономист болып бастаған.

Әр жылдары «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» президенті, мұнай және газ вице-министрі, «Almex Petrochemical» ЖШС бас директоры, «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің бас директоры қызметтерін атқарған.

Сондай-ақ «Самұрық-Қазына» АҚ активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры, энергетика министрі, кейін Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі болды.

2025 жылғы ақпанынан бері KAZENERGY қауымдастығының төрағасы қызметін атқарып келді.

Қазір оқып жатыр

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимараттың құрылысы басталды

Алатау қаласы

Түркияда қазақстандық әйел алтыншы қабаттан құлап көз жұмды

DHA

Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкерлігінен кетті

Футбольный клуб «Кайрат»

Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау шығыны бекітілді

Құрылтай сайлауы