Тоқаев ақын Мұхтар Шахановтың туыстарына көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аса көрнекті ақын, белгілі қоғам қайраткері, Халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері Мұхтар Шахановтың отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.

Ақорда

Астана, NEGE. Президент көңіл айту жеделхатында ақынның қазақ әдебиеті мен мәдениетіне қосқан үлесіне және тіл жанашыры ретінде атқарған еңбегіне тоқталып өткен.

Мұхтар Шаханов бар ғибратты ғұмырын қастерлі сөз өнеріне арнап, қазақ поэзиясын жаңа белеске көтерген, төл әдебиетіміз бен мәдениетіміздің көкжиегін кеңейтуге елеулі үлес қосқан қоғамымыздың тұғырлы тұлғасы еді. Әрқашан тіл жанашыры ретінде игілікті істердің бастауында болды. Шығармалары көптеген шет тілдеріне тәржімаланды, жалынды жырларын қалың оқырман сүйіп оқыды. Өнегелі өмір сүріп, соңына мол әдеби мұра қалдырған Мұхтар Шахановтың жарқын бейнесі халқымыздың жадында мәңгі сақталады, – делінген жеделхатта.

Айта кетейік, 19 сәуірде белгілі ақын, Халық жазушысы Мұхтар Шаханов 84 жасқа қараған шағында дүниеден озды.

Қазір оқып жатыр

Мемлекеттік күзет қызметі астаналықтарға маңызды хабарландыру жасады

Ақын Мұхтар Шаханов Алматыдағы Кеңсай зиратына жерленеді

Әкім Алматыдағы «брусчатка дауының» мән-жайын түсіндірді

Депутаттар өз еңбегін қалай бағалайды?