Әйгілі ақын Мұхтар Шаханов дүние салды
Белгілі ақын, драматург, қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері, Халық жазушысы Мұхтар Шаханов 84 жасқа қараған шағында дүниеден озды.
Астана, NEGE. Мәдениет және ақпарат министрлігі ақынның дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақындарына, барша қазақ жұртына көңіл айтты.
«Мұхтар Шаханов – шоқтығы биік шығармалар жазып, поэзияны азаматтық ұстаныммен ұштастыра білген біртуар тұлғалардың бірі еді.
Оның өлең әлеміне өрісті өрнек, жаңаша тыныс әкеліп, қазақ поэзиясының дамуына өзіндік жаңалық, тереңдік дарытқан шығармалары руханиятымыздың құнды қазынасына айналды.
Қоғамдағы күрделі мәселелерге үн қосып, ел мен жер тағдырына қатысты ойлы да отты пікір айтып, өзіне ғана тән азаматтық биік ұстанымның үлгісін көрсетті.
Мұхтар Шахановтың қайсар мінезі, өр рухы, әділет жолындағы табандылығы мен елдік мүдде алдындағы адалдығы жұрт жадында мәңгі сақталады.
Марқұмның жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын! Алланың рақымы мен мейірімі жолдас болып, рухы пейіште шалқысын!» – делінген хабарламада.
Бұған дейін Мұхтар Шаханов денсаулығы сыр беріп, жансақтау бөліміне түскені хабарланған еді.
Қазір оқып жатыр
Ірі авиакомпаниялар жанармай бағасының қымбаттауына байланысты рейстерді азайтып жатыр
Маңғыстау облысында жылқылар қолайсыз ауа райының салдарынан қырылып жатыр
Теміржолшылар үшін қолжетімді баспана бағдарламасы басталды
«Жасанды тыныс алу аппараты болмаған»: Қарағандыда бүлдіршіннің өліміне қатысты тексеріс жүргізіледі