Тоғыз боксшы Литвадағы халықаралық турнирдің финалына шықты

Литваның Каунас қадасында өтіп жатқан Альгирдас Шоцикас атындағы халықаралық турнирде бақ сынап жатқан қазақстандық боксшылардың тоғызы финалға шықты.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Литваның Каунас қадасында өтіп жатқан Альгирдас Шоцикас атындағы халықаралық турнирде бақ сынап жатқан қазақстандық боксшылардың тоғызы финалға шықты.

Олар:
54 кг. Нұрсұлтан Алтынбек
57 кг. Асылжан Серікбай
60 кг. Алмат Әбдуәли
63,5 кг. Жандос Қыдыралиев
67 кг. Елнұр Сүйінбай
71 кг. Фарух Тохтасунов
75 кг. Азамат Бектас
80 кг. Тұрсынбай Құлахмет
92 кг. Абзал Құттыбеков

Жалпы аталған турнирге 11 боксшы аттанған болатын. Өкінішке қарай, Даниял Сабит (51 кг) пен Аманат Сабырғали (92 кг) жартылай финалда жеңіліп, қоланы қанағат тұтты.

21 наурыз күні басталған халықаралық турнир, бүгін, яғни 23 наурыз күні мәресіне жетеді. Оған әлемнің 17 елінен 120-ға жуық боксшы қатысып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?