The Ring журналы бойынша жылдың үздік боксшысы анықталды

Ауыр салмақта WBA, WBO, IBO және WBC титулдарының иегері, украиналық Александр Усик The Ring журналының нұсқасы бойынша жылдың үздік боксшысы деп танылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Александр Усик

Алматы, NEGE. Усик соңғы жекпе-жегін 2024 жылдың желтоқсанында Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында Тайсон Фьюриге қарсы өткізді.

Жекпе-жек толық он екі раундқа созылып, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен Усик жеңіске жетіп, чемпиондық титулдарын қорғап қалды.

Кәсіби мансабын 2013 жылы бастаған Усик 23 жеңіске (оның 14-і нокаутпен) жетіп, бірде-бір рет жеңілмеген.

Қазір оқып жатыр

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды