29 сентября 2022 г. 9:59

Тездетіп шешу керек: Тоқаев ауыр сөмке тасуға мәжбүр оқушылардың жайын айтты

Фото:

Бұл туралы президент  Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысында айтты. 

Алматы, NEGE. «Ғимараттар мен сыныптар ғана емес, сондай-ақ мұғалімдерді даярлау жүйесі және оқу бағдарламалары ең жоғары стандарттарға сәйкес келуі тиіс. 

Тағы бір маңызды мәселе. Балалар оқулыққа толы ауыр сөмке тасуға мәжбүр деген шағымдар көптеп түседі. Бұл балалардың денсаулығына кері әсерін тигізетіні анық.

Сондықтан оқу материалдарын цифрлы форматқа ауыстыруды жеделдету қажет деп санаймын. Жалпы, барлық оқыту үдерісін барынша цифрландыру қажет», - деді президент.

Тегтер: