Террористік топ мүшелері құрықталды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қарағанды және Тараз қалаларында терроризмге қатысы бар бес адамды ұстады.

Нұр-Сұлтан, NEGE. ҰҚК ресми сайтында былай деп хабарлады: «2020 жылдың 27 қаңтарында ҰҚК Қарағанды мен Тараз қалаларында деструктивті діни ағымның бес мүшесін ұстады. Олар екі айға қамалды.

Олардың барлығы бұрын ауыр және аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған. Үстілерінен Қылмыстық кодекстің 257-бабы бойынша (террористік топ құру және оған жетекшілік жасау, насихаттау) қылмыстық іс қозғалды.

Тертеу дерегіне қарағанда, олар республика аумағында террористік актілер жасамақ болған.  

Қазір оқып жатыр

Қазақстан журналистері Президентке үндеу жасады

Таяу Шығыстағы соғыс: Тоқаев келіссөздерді Түркістанда өткізуді ұсынды

«Бірінші кредиттік бюро» басшылығына қатысты тергеу аяқталды

Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті