Тергеуге алынған Қостанай облысы әкімінің орынбасары қызметінен босатылды

Гүлбарам Мұсағазина облыс әкімінің орынбасары қызметінен 11 ақпанда өз еркімен берген өтініші негізінде босатылды.

gov.kz

Астана, NEGE. Бұл жөнінде облыс әкімі Құмар Ақсақалов мәлімдеді, деп жазады «ТоболИнфо» желілік басылымы.

«Гүлбарам Мұсағазинаға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғаны туралы ақпарат тарағанын білесіздер. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мемлекеттік органдар тергеу барысына араласуға және оған қандай да бір баға беруге құқылы емес. Барлық мән-жай объективті әрі жан-жақты қаралады деп сенемін», – деді ол.

Айта кетейік, таяуда Қостанай облысы әкімінің орынбасары Гүлбарам Мұсағазина ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғаны туралы ақпарат тарады. Желідегі ақпаратқа қарағанда, 11 ақпан күні кешке Мұсағазина Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке әңгімелесуге шақыртылғанда, кабинетте ұсталған.

Қазір оқып жатыр

Алматы облысында «Достық үйінің» іргетасы қаланды

Энергетика министрлігі Теңіз кен орында ақау шыққанын растады

Лукашенко Еуразиялық экономикалық одақты «бос сөз» алаңына айналдырмауға үндеді

Теңіз кен орнында тағы бір апатты жағдай болды