USD
USD
USD

Қостанай облысы әкімінің орынбасары ұсталды

Желіде Қостанай облысы әкімінің орынбасары Гүлбарам Мұсағазина ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғаны туралы ақпарат тарады.

Гүлбарам Мұсағазина
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Telegram-дағы Halyqstan арнасының хабарлауынша, 11 ақпан күні кешке Мұсағазина Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке әңгімелесуге шақыртылғанда, кабинетте ұсталған.

«Мұсағазинаның жұмыс орнында жоқ екені, сондай-ақ Астанаға жиналысқа барған қостанайлық шенеуніктердің жұмыс делегациясы құрамында болмағаны белгілі», – делінген арна жазбасында.

Оның есімі Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Данияр Жандаевтың, оның орынбасары Ерболат Доспановтың және Қарасу аудандық ауруханасының бас дәрігері Владимир Голубевтің ұсталуымен байланысты даулы істе аталады. Оларға қатысты сыбайлас жемқорлық күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Бұған дейін Мұсағазина бұл айыптауды теріске шығарып, «жала жапты» деп блогер Николай Гиньятовты жауапкершілікке тартқан болатын.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтардың 47,7%-ы спортпен айналысады: дене белсенділігінің күнделікті нормасы қандай?

Ат спорты

1 қыркүйектен бастап Алматыда көліктерді тексерудің жаңа түрі енгізіледі

техникалық тексеру

Қазақстанға 1,1 трлн теңге қайтарылды: заңсыз активтер қайда жұмсалып жатыр?

Құрылыс компаниялары

Ақмола облысында мемлекеттік қызметкер құмар ойынға 6 млн теңгедей қаржы салған

құмар ойын, онлайн казино