Теннисші Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасында US Open турнирінің ширек финалына шықты

17 жастағы қазақстандық теннисші Заңғар Нұрланұлы АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы US Open турнирінің ширек финалына жолдама алды.

ҰОК

Алматы, NEGE. Қазақстандық спортшы турнирдің үшінші кезеңінде ITF Juniors рейтингінің әлемдік тізімінде 8-орында тұрған финляндиялық Оскари Палданиусты жеңді. Финляндия теннисшісі ATP рейтингінде 991-орында тұр.

Заңғар алғашқы сетте 3:6 есебімен есе жіберді. Алайда екінші кезеңде 6:1 есебімен басым түсіп, шешуші үшінші сетті де 6:2 есебімен өз пайдасына аяқтады.

Ширек финалда қазақстандық теннисші ресейлік Тимофей Дерепаскомен кездеседі.

Қазір оқып жатыр

Алматының Әл-Фараби даңғылында жарыс ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды

Астанада Умраға жоқ жолдаманы сатып, 17 қажыны алдаған алаяқ сотталды

Астанадағы өрт салдарынан қаза тапқан 3 баланың анасы есін жиды

Украина Назарбаевтың ескерткішін бұзудан бас тартты