Теміржолшылар үшін қолжетімді баспана бағдарламасы басталды

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Отбасы банкімен бірлесіп компания қызметкерлерінің тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған тұрғын үй бағдарламасын іске асырудың бірінші кезеңін бастайды.

freepik.com

Астана, NEGE. Бастама шеңберінде жеңілдікті шарттармен темір жолдың үздіксіз және қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ететін өндірістік персонал қызметкерлерінің басымдықпен тұрғын үй сатып алу мүмкіндігі көзделді.

«ҚТЖ» Басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов тұрғын үй нысаны құрылысының барысымен танысып, сала қызметкерлерін әлеуметтік қолдау маңызын атап өтті.

Бірінші кезеңде 2026 жылдан бастап бағдарламамен кадрлардың тұрақтамауы мен теміржол мамандарының тапшылығы байқалған Қарағанды, Павлодар, Семей, Қостанай және Астана қамтылды.

Бастама қызметкерлердің өмір сүру сапасын арттыруға, кадрлық әлеуетті нығайтуға және қызметкерлердің кәсіби қызметі үшін тұрақты жағдай жасауға бағытталған.

Қазір оқып жатыр

Чернобыль ликвидаторларының жәрдемақысы өспейді: Министр кесіп жауап берді

Алматы жұрты Мұхтар Шахановпен қоштасты

Ең төменгі жалақы 150 мың теңгеге қашан жететіні беймәлім

Жағалаудағы құрылыс кезінде 170 млн теңге жымқырған: Көкшетауда шенеунік сотталды