Тайландтың «Thai Air Asia X» әуе компаниясы Қазақстанға рейс ашады

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті халықаралық рейстердің санын арттыру бойынша жұмыс жүргізуде.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Осылайша, 2025 жылдың 1 желтоқсанынан бастап Қазақстанның әуе тасымалы нарығына Тайланд Корольдігінен жаңа шетелдік лоукостер «Thai Air Asia X» шығады.

Әуе компания Бангкок – Алматы бағыты бойынша аптасына 4 рейс жиілігімен (дүйсенбі, сәрсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері) тікелей тұрақты жолаушылар рейсі жұмысын бастайды. 

Қазақстан мен Тайланд арасындағы әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туризм және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді.

Қазір оқып жатыр

Грузия Temu тарапынан демпинг жасалып жатқанына шағымданды

Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Ақтөбеде математик мұғалім ата-аналардан қомақты ақша алып, бәске тіккен

«Балалары үшін алаңдайды»: адвокат Жанабыловтардың шешімін түсіндірді