Таяу Шығыс елдерінен 946 қазақстандық елге оралды

4 наурыз күні Таяу Шығыс елдерінен қайтарылған Қазақстан азаматтары мінген ұшақтар ел әуежайларына келіп қонды.

Air Astana

Астана, NEGE. Азаматтық авиация комитетінің хабарлауынша, Air Astana компаниясы Медина мен Жиддадан бірнеше рейс орындады:

KC2202 рейсі Ақтау қаласына сағат 21:28-де қонды, бортта 142 адам болды;

Медина – Атырау бағыты бойынша KC2208 рейсі сағат 01:19-да қонды, 145 адам келді;

Жидда – Атырау бағыты бойынша KC2206 рейсі сағат 02:50-де қонды, 174 адам келді;

Жидда – Атырау бағыты бойынша KC2204 рейсі сағат 03:34-те қонды, 179 адам келді.

Сонымен қатар, SCAT әуе компаниясы Boeing 767 әуе кемесімен Алматы – Маскат – Алматы бағыты бойынша рейс орындалып жатыр. Ұшақта шамамен 290 орын бар.

«Қазіргі таңға дейін Қазақстанға 946 жолаушы қайтарылды. Қазақстан азаматтарын елге қайтару жұмыстары жалғасып жатыр», – делінген комитет хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін Таяу Шығыстан 400-ден астам қазақстандық эвакуацияланғанын жазған едік.

Қазір оқып жатыр

Теміржолшылар үшін қолжетімді баспана бағдарламасы басталды

«Жасанды тыныс алу аппараты болмаған»: Қарағандыда бүлдіршіннің өліміне қатысты тексеріс жүргізіледі

Алматының Әл-Фараби даңғылында жарыс ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды

Астанада Умраға жоқ жолдаманы сатып, 17 қажыны алдаған алаяқ сотталды