Ташкентте отшашу болған жоқ

Биыл Өзбекстан астанасында жаңажылдық отшашу болған жоқ. Бұл туралы жергілікті хокимят (әкімдік) өкілдері айтты, – деп хабарлайды Sputnik Өзбекстан.

Алматы, NEGE. Қалалық әкімшілік өкілдері мұндай жаңашылдықты «ауа райының қолайсыздығымен» түсіндірді.  Сонымен қатар, әкімдіктегілер Ташкент тұрғындары үшін барынша мерекелік көңіл-күй сыйлауға талпынып жатқан көрінеді. Қалада сегіз автобустан тұратын колонналар жаңажылдық гирляндтармен безендіріліпті.