Танымал рэпер Qarakesek есірткімен ұсталды (видео)

Танымал рэп-орындаушы Qarakesek (Омар Амантайұлы) ұсталды.

Полиция

Алматы, NEGE. Сараптама қорытындысына сәйкес, ол есірткілік мас күйінде болған. Қолында ұнтақ салынған пакет табылды.

«Ақтөбе қаласында жүргізілген жедел іс-шаралар барысында 31 жастағы рэп-орындаушы есірткілік масаң күйінде көлік жүргізіп отырған жерінен ұсталды.
 Тінту кезінде одан ұнтақ тәрізді зат салынған зип-пакет табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысы оның синтетикалық есірткі заты екенін анықтады.
Медициналық куәландыру нәтижелері де оның көлікті есірткілік масаң күйде басқарғанын растады», – делінген хабарламада.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сонымен қатар, сот шешімімен құқық бұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, 7 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Қазір оқып жатыр

Сауд Арабиясы Тоқаевтың бітімгерлік келіссөздерді Түркістанда өткізу бастамасына пікір білдірді

Air Astana ұшақтары Дубайға сәуірдің аяғына дейін ұшпайтын болды

Түркістан облысында қарт әкесін ұрып-соққан ер адамның жазасы қатаңдатылды

Алматыда бірнеше қылмысты жасырып қалған тергеуші сотталды