21 августа 2024 г. 9:27

Танымал қазақстандық боксшы Жанқош Тұраровқа қыз зорлады деген айып тағылды

Фото: ғаламтордан

Танымал қазақстандық боксшы Жанқош Тұраровқа қыз зорлады деген айып тағылды.

Алматы, NEGE. Алматы қаласы Әуезов ауданының полиция бөлімі қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүріп жатыр», – делінген хабарламада 

Бұған дейін әлеуметтік желілерде 19 тамыз күні сағат 23.00 шамасында Әуезов ауданына қарасты 5-шағынауданда полицияға 28 жастағы бойжеткеннің пәтерде зорланғаны туралы арызбен жүгінгені туралы ақпарат пайда болған.