Танымал боксшы Майк Тайсон Қазақстанда жекпе-жек өткізуі мүмкін

Бокстан ауыр салмақтағы бұрынғы абсолютті әлем чемпионы, аты аңызға айналған америкалық Майк Тайсон Қазақстанда жекпе-жек өткізуі мүмкін, деп хабарлады Sportnews.kz.

CHRIS PIZZELLO | INVISION

Алматы,NEGE. Шоуды ұйымдастырушылар ММА ұйымындағы әйгілі файтер Федор Емельяненконы Қазақстанға «Темір Майкқа» қарсылас ретінде шақыруды жоспарлап отыр.

— Біздің жоспарларымызға Майк Тайсон мен Федор Емельяненконың жекпе-жегін ұйымдастыру кіреді. Бұл бағыттағы жұмыстар қазірдің өзінде қызу жүріп жатыр. Майк Тайсонды шақырғымыз келетін турнирді желтоқсан айына жоспарлап отырмыз, - деді Астанада өткен баспасөз мәслихатында Alash Pride лигасының президенті Әлімжан Бектаев.

Майк Тайсоның спорттық мансабында 50 жеңіс (44 нокаутпен) және 7 жеңіліс бар. Былтыр ол қарсыласы Джейк Полдан бірауыздан жеңіліп қалған болатын.

Қазір оқып жатыр

Сауд Арабиясы Тоқаевтың бітімгерлік келіссөздерді Түркістанда өткізу бастамасына пікір білдірді

Air Astana ұшақтары Дубайға сәуірдің аяғына дейін ұшпайтын болды

Түркістан облысында қарт әкесін ұрып-соққан ер адамның жазасы қатаңдатылды

Алматыда бірнеше қылмысты жасырып қалған тергеуші сотталды