Танагөз Толқынқызы қазақ қоғамы туралы жазбасынан кейін полицияға шақыртылды

Ақын Танагөз Толқынқызы Астана қаласы Сарайшық аудандық полициясынан шақырту келгенін мәлімдеді.

facebook/ Танакөз Толқынқызы

Астана, NEGE. Ақынның айтуынша, полицияға шақыртуға eGov порталы арқылы түскен шағым себеп болған. Нақтырақ айтқанда, әлдекім Танагөз Толқынқызының 7 наурызда Facebook желісінде жариялаған «Қазақстан тәуелсіздігін сақтап қала алмайды» деген жазбасына  
шағымданған.

«Мені 31 наурыз күні таңғы сағат онда Сарайшық ауданы полиция бөлімшесіне келуімді сұрады», – деп жазды ақын желідегі жеке парақшасында. 

Танагөз Толқынқызы адвокат жалдап, оның шығындарын төлеу үшін кітаптарын сатуға шығарған.

«Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ! Бұл – дала заңы. Қазақстан ешкім өз ойын айта алмайтын үлкен түрмеге айналмауы керек», – дейді ақын.

Айта кетейік, Танагөз Толқынқызының қазіргі қазақ қоғамы туралы жазбасы желіде қызу талқыланды. Ақын Facebook парақшасындағы жазбасында «қазақ тәуелсіздігін сақтап қала алмайды» деген еді. Осы жазбадан кейін қоғамның пікірі екіге жарылды. Бірі ақынды қолдаса, бірі «халыққа тіл тигізуге болмайтынын» айтты.

Instagram парақшасында өзін заңгер ретінде таныстырған Нұрсұлтан Орынбеков есімді азамат ақынның жазбасына байланысты заң аясында сотқа жүгінгенін мәлімдеген.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан терроризм индексінде ең қауіпсіз елдер қатарына кірді

Өскемен ауасын ластағаны үшін «Казцинкке» 20 млн теңге айыппұл салынды

1-сыныпқа құжат қабылдау мерзімі өзгертілді

Павлодарда ер адам 125 млн теңгенің мүлкі үшін әйелін суға батырып жіберген