Талғат Ермегияевқа мерзімінен бұрын босап шығуға рұқсат берілмеді

Алматы облысы Алатау қаласында Талғат Ермегияевтің шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш қаралды.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Сот өтінішті қанағаттандырмады.

Сот отырысында судья Талғат Ермегияевтің материалдық шығынды толық көлемде өтемегені үшін мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қанағаттандырудан бас тартты.

Ол іс бойынша материалдық шығын деп танылған 5, 8 миллиард теңгенің 1 миллиардқа жуығын өтеген.

Естеріңізге сала кетейік, Талғат Ермегияев 2016 жылы маусымда сот шешімімен аса ірі көлемде пара алды және мемлекеттік қаражатты аса ірі мөлшерде ұрлағаны үшін кінәлі деп танылып, 14 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қазір оқып жатыр

Шымкентте дәріханалардағы егу бөлмелерінде 4 адам қайтыс болған

Екінші әйелін шәкіртіне берген Құрбанәлі Ахметке айыппұл салынды

Мұрат Адам: Мен енді адвокат емеспін

СІМ Ресейдегі жаппай төбелес туралы: қазақстандықтар арасында ауыр жарақат алғандар жоқ