Талғар маңында кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікпен 4 жігіт ұсталды

Алматы облысының полицейлері кәмелетке толмаған қызды топтасып зорлады деген күдікпен төрт жігітті ұстады. 

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Талғар ауданында кәмелетке толмаған қызды зорлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

«Полиция кәмелетке толмаған баланы зорлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер жедел іздестіру шараларын жүргізіп, төрт күдіктіні де анықтап, ұстады және уақытша ұстау изоляторына қамады. Қазіргі уақытта қылмыстың барлық мән-жайларын объективті зерттеуге бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде», - деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тергеу барысы облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр