25 ноября 2024 г. 18:27
Талғар қаласының әкімі лауазымына үміткерлер белгілі болды
Аумақтық сайлау комиссиясы Талғар әкімі болуға тіркелген кандидаттар тізімін жариялады.
Алматы, NEGE. Тізімде үш адам бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Талғар тұрғын үй» ЖШС-нің басшысы,1983 жылы туған Арыстанбек Абихаирұлы «Amanat» партиясы атынан ұсынылып отыр.
Екінші кандидат – Жәнібек Каденов. 1991 жылы туған. Ол «Талғар ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің қаржы-шаруашылық бөлімінде бас маман болып жұмыс істейді. Оны Қазақстан халықтық партиясы ұсынған.
Соңғы үміткер – Әлібек Рамазанов. Ол өзін-өзі ұсынған. Ол Бесағаш ауылдық округінің аппарат мемлекеттік мекемесінде әкімнің орынбасары болып қызмет етеді.
Бұған дейін Талғар ауданының аумақтық сайлау комиссиясы қала әкімінің сайлау күнін 15 желтоқсанға белгілеген болатын.
қазір оқып жатыр