Талдықорғанда зейнеткерден 5 келіден астам гашиш тәркіленді

Талдықорған қаласында есірткіні заңсыз сақтау және сату күдігімен 62 жастағы әйел адам ұсталды.

freepik.com

Астана, NEGE. Жедел-іздестіру шарасын Жетісу облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жүргізген. Полицейлер тексеру кезінде күдіктіден жалпы салмағы 5 грамнан асатын гашиш сатып алған.

«Операция барысында Еркін ауылында есірткіні заңсыз сақтау және сату күдігімен Талдықорған қаласының 62 жастағы тұрғыны ұсталды.

Тінту кезінде оның тұрғылықты мекенжайынан жасыл түсті, өзіне тән иісі бар өсімдік тектес зат салынған алты полиэтилен пакет тәркіленді», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар үй ауласындағы сарайдан скотчпен оралған үлкен қара пакет табылған. Оның ішінен 5 келіден асатын, өзіне тән иісі бар гашишке ұқсас есірткі заты шыққан.

Полицейлер қазіргі уақытта бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Күдіктіге денсаулық жағдайына байланысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Қазір оқып жатыр

Ломбардтағы қарыздар соттан тыс банкроттық шартынан алынып тасталды

Алматыда дәрігерлер әйелдің іш қуысынан 25 келілік үлкен ісікті алды

Тоқаев Алматы әкіміне LRT мен SkyTrain-ді енгізу жұмысын жеделдетуді тапсырды

27 наурызда қос Палатаның бірлескен отырысы өтеді