Талдықорған тұрғынынан құны 20 млн теңгенің есірткісі тәркіленді

Жетісу полициясы қара нарықта құны 20 млн теңге болатын мефедронды тәркіледі, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. «Қарасора-2024» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Жетісу облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы басқармасының қызметкерлері сәтті жедел-іздестіру шараларын өткізді.

Облыс прокуратурасымен бірлесе Талдықорған қаласының 34 жастағы тұрғыны есірткі таратқаны үшін ұсталды. Күдікті Toyota Yaris автокөлігін тексеру барысында ұсталды. Тексеру барысында машинада ерекше иісі бар ақ заттың қапшығы табылды. Сараптама қорытындысына сәйкес, жалпы сомасы бір келі алынған зат «мефедрон» синтетикалық есірткісі болып шықты. Тәркіленген заттың нарықтық құны 20 миллион теңгеге бағаланады, бұл қара нарықтағы екі мың дозаға тең.

Есірткіні анықтау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, күдікті қамауға алынды. 

Қазір оқып жатыр

Қарағанды облысында жоғалып кеткен бала аман-есен табылды

Марихуана тартып, айыппұл арқалаған қазақстандық Конституциялық сотқа жүгінді

Қазақстандық шенеуніктердің Эпштейн ісіне қатысы бар-жоғы әлі тексеріліп жатыр

Қарағанды облысында 13 жастағы бала іздестіріліп жатыр