Таймерденов қоғам үшін ашық болуға уәде берді
Алматы қалалық ПД басшысы журналистермен кездесуінде алдағы жоспарлары туралы айтты.
Алматы, NEGE. Жаңа басшы полиция қызметкерлеріне деген халықтың сенімін күшейтуге күш салмақ. Одан бөлек ұрлықпен күресті күшейтіп, полиция қызметкерлерінің тұрмыстық жағдайын жақсартпақ. Басшылар үшін ең бастысы – ашықтық. «Қоғам үшін ашық боламын» деп уәде еткен полковник әлеуметтік желіні пайдаланып, тұрғындармен жиі кездеспек.
«Полицияны әркім сынай алады. Бірақ қызметкерлерге жағдай жасау керек. Алдымызға орындалмайтын мақсат қоймаймын, әр нәрсеге шынайы қараған жөн. Бәрін әкімшілікпен және министрлікпен ақылдасып отырамыз» деді Таймерденов.