Таиландтағы турнирде Қазақстан құрамасы қоржынға үшінші алтынды салды

Таиланд астанасы Бангкокта өтіп жатқан бокстан Thailand Open халықаралық турнирінде Виктория Графеева (60 келі) алтын алды.  

ҰОК

Алматы, NEGE. Халықаралық турнирде ол қытайлық Ян Ченьді 4:1 есебімен жеңді.

Енді ел құрамасынан Наталья Богданова (70 келі), Надежда Рябец (75 келі), Гүлсая Ержан (80 келі) және Елдана Тәліпова (80 келіден жоғары) шаршы алаңға шығады.

Ал ерлер құрамасынан 2 алтын, 5 күміс алды. Құрама сапынан Диас Молжігітов (80 келі) мен Төрехан Сабырхан (70 келі) халықаралық турнирде чемпион атанды.

Ал Дулат Бекбауов (65 келі), Данияр Рахымбердиев (90 келі), Бекзат Таңатар (85 келі) мен Нұрсұлтан Алтынбек (55 келі) қола жүлдені қанағат тұтты.

Сондай-ақ Нұрзат Оңғаров (50 келі), Оразбек Асылқұлов (60 келі), Тимур Нұрсейіт (75 келі) Даниял Сапарбай (90 келіден жоғары) жүлдесіз қалды.

Қазір оқып жатыр

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жасады

KAZ Minerals шахтасында тау жынысы опырылып, жұмысшы қаза тапты

«Ақтөбе – тарының астанасы» гастрофестивалі қонақтарды ұлттық дәстүрлердің бай мұрасымен таныстырды

Іссапар чектері тапсырылмаса, жалақыны толық ұстап қалуға бола ма?