«Сусындарға есірткі қосып береді» – Полиция қазақстандықтарға үндеу жасады

Соңғы жыл ішінде елімізде 8 мыңнан астам есірткі қылмысы анықталды. Олардың ішінде сусындарға есірткі заттарын араластыру жағдайлары жиі кездеседі.

Полиция

Алматы, NEGE. Мұндай қылмыстардың құрбандары дәрменсіз күйге түсіп, тонау, зорлық-зомбылық және басқа да қауіп-қатерлерге ұшырауы мүмкін.

«Өзіңізді және жақындарыңызды қорғау үшін полиция сұйықтықтағы есірткіні анықтайтын экспресс-тесттерді қолдануды ұсынады. Бұл шағын әрі қолдануға оңай жолақтарды дәріханалардан сатып алуға болады: олар бар болғаны бір минут ішінде қауіпті заттардың бар-жоғын анықтауға көмектеседі.

Бұл әдіс арнайы білімді қажет етпейді және өміріңізді сақтап қалуға септігін тигізеді. Сақ болыңыз және осы сақтық шараларын достарыңыз бен жақындарыңызға ескертіңіз», – деді ІІМ.

Қазір оқып жатыр

Демалыс күндері ел аумағында қатты жаңбыр жауып, жел күшейеді, үсік жүреді

Журналист Ботагөз Омароваға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

6 өңірден салымшы тартқан: Таразда Еnvida ai қаржы пирамидасын құрушылар тексеріліп жатыр

«Бетінің сау тамтығы қалмаған»: Түркістан облысында бес жасар қызды ит талады