Сот Қуандық Бишімбаевты ата-ана құқығынан айырудан бас тартты

Астанада апелляциялық инстанция Қуандық Бишімбаевты ата-ана құқығынан айырудан бас тартты.

коллаж

Алматы, NEGE. Естеріңізде болса, Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман бұған дейін де оны ата-аналық құқығынан айыру туралы арыз берген болатын. Ол кезде сот Қуандық Бишімбаевты ата-ана құқығынан айырудан бас тартқан.

Назым Қаһарман апелляциялық сотқа қайта шағым түсірді. Бұл жолы да үкім өзгеріссіз қалды.

Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман бұл шешіммен келіспейтінін айтты.