Солтүстік Қазақстанда сот төрағасы қылмыс үстінде ұсталды

СҚО экономикалық сотының төрағасы 15 мың АҚШ доллары сомасында пара алу кезінде ұсталды.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Бұл ақпаратты Жоғарғы соттың баспасөз қызметі растады.

«Бүгін, 2024 жылғы 19 желтоқсанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен ҚР Сот әкімшілігінің Петропавл қаласы бойынша Ішкі қауіпсіздік бөлімінің бірлескен іс-шарасының нәтижесінде Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы Б., соттың мүдделі тұлғаның пайдасына оң шешімі үшін 15 мың АҚШ доллары сомасында ірі көлемде пара алу кезінде қылмыс үстінде ұсталды», - делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды

Астанадағы плац-концертте «Арланнан» түтін шықты