Qyzyljar футбол клубы кәсіпкер Сергей Канға берілді

Петропавлда Qyzyljar футбол клубы кәсіпкер Сергей Канға берілді. Команда өз атауын, клуб түстерін және тауар белгісін сақтайды.

pkzsk.info

Астана, NEGE. Команданы басқару үшін ол «QYZYLJAR футбол клубы» атауымен жаңа заңды тұлға ретінде тіркелді.  Бұған дейінгі келісімге сәйкес барлық ықтимал заңды даулар бұрынғы құқық иелерінің тарапынан шешілетін болады.

Ал клуб Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігімен бірлесіп қаржыландырылады. Сонымен қатар жаңа спорттық базаны салу және «Қарасай» стадионын сенімгерлік басқаруға беру жоспарлануда.  

Команданың бас менеджері ретінде Алишер Апсалямов тағайындалды. Ол Сараево, Кардифф Сити, «Қайрат», «Каспий», «Атырау» және «Тобыл» клубтарында жұмыс істеген.

Апсалямов футбол клубының алдағы жоспары - Түркияда оқу-жаттығу жиындарын өткізу екенін айтты. Онда бір жарым ай ішінде алдағы маусымға ойын құрамасы анықталады.

«Клуб менеджменті Қазақстандық және халықаралық нарықты зерттей отырып, футболшыларды мұқият талдап, іріктеуді жүргізеді», - деді Алишер Апсалямов.

Айта кетейік, Qyzyljar Қазақстандағы президент тапсырмасымен жекешелендірілген алғашқы футбол клубтарының бірі болды. 

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр