Қазақстан Ауғанстанға гуманитарлық миссия жібереді

Ауғанстандағы жойқын жер сілкіністеріне байланысты Қазақстан Қабылға гуманитарлық миссия жібереді. Бұл туралы Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Ауғанстан Сыртқы істер министрі Әмір Хан Муттакимен телефон арқылы сөйлесу кезінде айтты. 

видеодан кадр

Астана, NEGE. Миссия құрамына медицина мамандарымен қатар дәрі-дәрмектер мен алғашқы қажеттілік заттары да кіреді.

«Ә.Муттаки ауған халқының мұқтаждықтарына әрдайым көңіл бөліп, тұрақты қолдау көрсетіп келе жатқан қазақ тарапына ризашылығын білдірді»,- делінген хабарламада.

Ауғанстан Сыртқы істер министрі биыл Қазақстаннан жалпы көлемі 3,7 мың тоннаны құраған екі партия гуманитарлық көмек келгенін айтқан. 

Еске салайық, 3 қараша күні Ауғанстанның солтүстігінде 6,3 баллдық жер сілкінісі болды. Зілзала салдарынан жиырмадан астам адам қаза тауып, 320-дан астам адам жарақат алды. 

Қазір оқып жатыр

«Жасанды тыныс алу аппараты болмаған»: Қарағандыда бүлдіршіннің өліміне қатысты тексеріс жүргізіледі

Алматының Әл-Фараби даңғылында жарыс ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды

Астанада Умраға жоқ жолдаманы сатып, 17 қажыны алдаған алаяқ сотталды

Астанадағы өрт салдарынан қаза тапқан 3 баланың анасы есін жиды